Kazakh-English Electronic Explanatory Dictionary of Ophthalmology Terms

About author

Қазақ-ағылшын тілдерінде офтальмология терминдерінің электронды түсіндірме сөздігінің авторы - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 8D02304 – Филология білім беру бағдарламасының докторанты Хасангалиева Бибигуль Кенесовна.

Бұл сөздік Б.К. Хасангалиеваның «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі медицина (офтальмология) терминдерін когнитивтік-фреймдік зерттеу бағыты» тақырыбындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны жазу барысында құрастырылды.

Диссертацияның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жоғары оқу орындарында талқыланды: Қ.Қ. Жұбановтың 125 жылдығына орай «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі ХІ халықаралық конференцияда (Ақтөбе қаласы, 1 қараша 2024 жыл), «Филология: қазіргі ізденістер» ғылыми семинарда (Уфа қаласы, 24 сәуір 2024 жыл), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті филология факультетінің қазақ филологиясы кафедрасында докторанттарға арналған «Ғылыми-танымдық жұма» ғылыми семинарында (2023 жыл), «Филология: қазіргі ізденістер» ғылыми семинарда (Ақтөбе қаласы, 23 сәуір 2025 жыл) жасалған баяндамаларда көрініс тапты. Диссертациялық жұмыс бойынша келесі мақалалар жарияланды.

Scopus ғылыми деректер базасына кіретін журналдарда жарияланған еңбектер:
1. Metaphorical Models of Ophthalmology Terms in Kazakh and English // World Journal of English Language. Vol. 15, No. 4; 2025. Р. 203-212. Процентиль: 47%, Q2. DOI: https://doi.org/10.5430/wjel.v15n4p203
2. Frame representation of medical terminological system in kazakh and English // Forum for linguistic studies. Vol. 7 , Iss. 4 (April 2025): In Progress.

ҚР ҒжЖБ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдарда жарияланған еңбектер:
1. Когнитивтік терминтанымның негізгі ұстанымдары // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. №4/2023. 162-176 бб. https://ojs.egi.kz/index.php/BULLETIN/issue/view/42/69
2. Терминжасамдағы метафораның когнитивтік механизмдері // Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ Хабаршысы, Филология ғылымдары сериясы, Том 74 №3 (2024), 322-343 бб. https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/1287/450

Халықаралық конференциялардың жинақтарында жарияланған еңбектер:
1. Терминдерді зерттеудің танымдық сипаты // Қ.Қ. Жұбановтың 125 жылдығына орай «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі ХІ халықаралық конференциясы материалдарының жинағы. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, 2024. – Б. 300-304.
2. Термин – когнитивті бірлік және базалық құрылым // Актуальные проблемы теоретической и прикладной филологии: Материалы IX Международной научной конференции (г. Уфа, 29-30 апреля 2023 г.) / отв. ред. А.Р. Мухтаруллина. – Уфа: РИЦ БашГУ, 2023. – 166-184 с.
3. Ғылыми дискурс ерекшеліктері // Филология ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-инновациялық басқарманың іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу секторының бас ғылыми қызметкері, башқұрт филологиясы кафедрасының меңгерушісі Зугура Ыдырысқызы Саляхованың 65 жылдығына арналған «Түркі филологиясы заманауи жетістіктер аясында» бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция материалдары. 5 сәуір 2025 жыл. Стерлитамак қ., Ресей. – 170-175 б.