About dictionary
Қазақ-ағылшын офтальмология терминдерінің түсіндірме сөздігі «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі медицина (офтальмология) терминдерін когнитивтік-фреймдік зерттеу бағыты» 8D02304 – Филология білім бағдарламасы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны жазу барысында құрастырылды.
Сөздікке қазақ офтальмология терминдерінен 350 бірлік және соның ағылшын тіліндегі баламасы анықтамасымен берілді. Сөздікті құрастыру барысында офтальмологиядан жарық көрген сөздіктер негізге алынды. Сөздікті құрастыруға 1977 жылы жарық көрген қазақ тіліндегі офтальмология сөздігі (Қ. Жалмұхамедов) негіз болды және аталған сөздіктің электронды нұсқасы интернетте қолжетімді болмауы себеп болды. Қазіргі ақпараттық ғасырда әркімнің қолында жүретін смартфондар мен телефондардан ашыла қоятын электронды түсіндірме сөздіктің маңызы зор. Ұсынылып отырған түсіндірме сөздік осы олқылықты толықтыра отырып, зерттеудің қолданбалы нәтижесі ретінде ғылым тілінің дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.
Сөздіктің негізгі техникалық сипаттамасы: Электронды сөздіктің дұрыс жұмыс жасауына арналған жүйелік талаптар:
* Ubuntu 24.04 LTS операциондық жүйесі;
* 2 ГГц немесе одан жоғарғы процессор жиілігі бар 2 процессор;
* RAM 2 Гб немесе одан жоғары;
* Қатты дискідегі 40 Гб бос орын.
Бағдарламалау тілі:
* Python 3.5 (Django 3)
* SQLLite
Сөздікте бағдарламалардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылған, интернет желісінде қолданылуға бейімделген.
ЭЕМ типі: PS.kz хостинг қызметтерін ұсынушы виртуалды Ubuntu 24.04 LTS операциондық жүйесі негізіндегі серверінде.